Елімізде баскетбол ойынын жоғары деңгейде дамыту мақсатында балалар арасында Junior NBA лигасы бастауын алған болатын.
Әрі өңірімізде «Атырау барыстары» кәсіби клубының резервін дайындау үшін балалар баскетболына бар жағдай жасалуда. Бұл өз кезегінде аудан баскетболының да қайта түлеуіне мүмкіндік туғызуда.
Бұл жоба Американың Ұлттық баскетбол қауымдастығы (NBA) Юниор лигасы Қазақстанның Ұлттық баскетбол федерациясы және Қазақстандағы АҚШ елшілігімен ынтымақтастығы нәтижесінде іске асуда. Әр турнир дивизондық, конференциялар кезеңі және төрттік финалдан тұрады. Junior NBA басты ерекшелігі — бұл турнирде әрбір балалар командасы шынайы NBA клубына сай келеді әрі алаңға сол команданың лицензиялық формасын киіп шығады.
-Жаңа жоба балалар арасында үлкен қызығушылық туғызуда. Аталған жарыстың биылғы облыстық сынында ауданнан үздік танылған М.Әуезов және Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 6-7 сыныптың оқушылары қатысуда. Әзірге шәкірттерім - біздің мектептің оқушыларының аяқ алысы көңіл қуантады. Алда қола жүлде үшін сайысқа түседі. Жалпы бұл жоба аясында жас баскетболшыларының алаңсыз дайындалуына, жарыстарға шығуына, қажетті құрал –жабдықтарына бар жағдай жасалуда, - дейді М.Әуезов атындағы орта мектептің мұғалімі әрі баскетбол бапкері Бейбіт Оспанов.
Толығырақ «Дендер» газетінің 25 сәуірдегі санынан оқи аласыздар