Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екінші «алтын» түсті

10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухара Ирназарова чемпион атанды. Біздің отандасымыз 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озып кетті.

Бұл Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль. Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған стенд атудан Қазақстанның әйелдер командасы "скит" жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын 350 баллға жеткізді.

"Керемет нәтиже! Зухраны кез-келген спортшы үшін маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл ол үшін соңғы жетістік емес екеніне сенімдімін", - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз