Қазақстандық спортшы –​ Токио Паралимпиадасының чемпионы!

Бүгін, яғни, 26 тамызда пара пауэрлифтингтен​ ерлер арасында​ Давид Дегтяров алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ол​ ақтық кезеңде​ топ жарып,​ ұлттық құрама қоржынын​ алғашқы алтынмен толтырды.​ Спортшының үздік көрсеткіші –​ 172 килограмм салмақ.

Давид алғашқы мүмкіндігінде 170, кейін​ 172 мен 174 келіні бағындырып, бағы жанды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT