Алтын жүлде ауылда қалды

Алтын жүлде ауылда қалды
Жаңа жыл қарсаңында  Есбол балалар спорт мектебінде спорт ардагері, футболдан спорт шеберлігіне үміткер Сабиров Құттығұл Тілепбергенұлын еске алуға арналған волейболдан  аудандық ашық турнир аяқталды. 
Ашылу салтанатында Есбол ауылдық округ әкімі Асхат Төлешұлы, әулет атынан Майра Тілепбергенқызы және  Құттығұл Тілепбергенұлының дене шынықтыру пәнінен алғашқы ұстазы Саламат Қанатбекұлы мен үзеңгілес әріптесі Болат Тастанов  сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі. 
Турнирге Көктоғай, Өрлік, Елтай, Құрылыс, Аққала ауылдарынан, аудан орталығынан ауылшаруашылық  колледж бен "Индер ұстаздары" командалары және көршілес Батыс Қазақстан облысы Ақжайық  ауданның командасы ат арытып келді. Сонымен қатар жергілікті Есбол ауылынан қос командасы бақ сынап, тартысты додаға айналды. 
Барлық командалар өз топтарына бөлініп, тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті. Жарыстың жүлделі үшінші орын үшін болған ойында  Есбол командасы көктоғайлықтарды  жеңіп, турнирдің қола жүлдесін қоржынға салды. Байраққа тігілген 50 мың теңге сыйақыға ие болды. 
Ал финалда Елтай командасы көрші облыстан келген Айжайық командасын  жеңіп, турнирдің алтын жүлдесін ауданымызға алып қалды. Сыйақысы 100 мың теңге. Ал турнирдің күміс жүлдесіне ие болған  Батыс Қазақстан облысының Ақжайық командасы 70 мың теңге байраққа ие болды. 
Турнирдің ең үздік қорғаушысы болып, Мейірбек Нұрқашев (Ақжайық), үздік байданыстырушы Диас Ләш(Елтай), ал ең үздік ойыншы болып  Айбек  Маратов (Есбол)  танылды. 
- Бүгінгі жарыс Сабировтар әулетінің ұйымдастыруымен өтіп отыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тігілген диплом, бағалы сыйлық және қаржылай сыйақының да бәрін өздері  ұйымдастырды. Турнир ауыл жастарының басын қосқан,  достыққа шақырған керемет жарыс болды, - дейді Есбол балалар спорт мектебінің директоры Нұрбол Есенов. 
Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT