Абылай – әлем чемпионы

Абылай жарыстың іріктеу кезеңдерінде тәжік, әзербайжан, қырғыз сайыскерлерін тізе бүктірді.

Ал ақтық сында жарыс қожайыны - ресейлік спортшымен айқасты. Мәскеуліктер жерлестерін қанша қолқалағанымен қазақтың баласы жеңісті қолдан бермеді. Чемпиондық белдіктің иегері атанып, Қазақтың көк туын бұрынғы Одақтың астанасында желбіретті.

Жеңімпаз жерлесіміздің атасы Төлеш Тілекқабыловты (марқұм), әкесі Асхат Тілекқабыловты көпшілік ұстаздар әулетінен екенін жақсы біледі. Абылай Асхатұлы алғашында Есболдан аудан орталығындағы футбол жарыстарына қатысып жүрген еді. Бірінде аудандық балалар спорт мектебінің аға бапкері Нариман Нұрашев кесек тұлғалы баланы байырқап «Бұл футболшы емес, палуан болайын деп тұрған бала ғой, бізге дзюдоға берсейші» деп әкесі Асхатқа қолқа салады. Содан бері Абылай Асхатұлы дзюдодан бастап, самбо, аралас жекпе-жек өнерлерінен түрлі деңгейдегі жарыстарынан жүлде алды. Енді міне – панкратион жауынгерлік өнердің де биігінен шығып отыр.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT