Абылай – күміс жүлдегер

Аралас жекпе-жектің шеберлері Қарағандыда Қазақстан чемпионатында сайысқа түсті.

Әрбір өңірдің мықты жігіттері жиналған сында Атырау облысы командасы сапында жерлесіміз Абылай Даутов 80 келі салмақта табысты өнер көрсетті. Ол бәсеке барысында үш бірдей қарсыласын ұтып, ақтық сында ғана есе жіберіп, күміс жүлдені жеңіп алды.

- Сайыстың екі-үш күнінде бірнеше жекпе-жек өткізу оңай іс емес. Оған тыңғылықты дайындық қажет. Әрі өзімді байқап көрейін деп бір саты ауырлау салмақта өнер көрсеткен едім. Нәтижесінде жүлдеге ілінумен қатар Қазақстан құрамасы сапына қабылданып, әлемдік жарысқа жолдама иелендім. Бұйырса, дайындығымды әлі де үдете түспекпін, - дейді жеңімпаз сөзге тартқанымызда.

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT