Жұмыспен қамту назарда болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі келелі кеңесте берген тапсырмасының бірі жұмыссыздықты бәсеңдету.

Осыған орай әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмыссыздықты азайту талабы қойылып отырғаны белгілі.

Өткен жылдары ауданда жүргізілген әлеуметтік нысандарды жөндеу, жаңа құрылыс алаңдарына жұмыссыз азаматтарды тарту арқылы мәселе шешілген болатын. Ал биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Есбол ауылынан 620 орындық мектеп құрылысын бастау жоспарланып отыр. Осы жоба аясында барлығы 45 жұмыс орнын ашу талабы қойылып отыр.

Аталған нысанды салуға 23 жұмыссыз азаматты Индер ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы алу міндеттеліп отыр. Әрине құрылыс алаңына өз ісінің шеберлерін тарту қажет болса, саладан хабары бар адамдар тартылатыны сөзсіз. Осыған орай орталық тиісті шаралар қабылдайтын болады.

Жеңіс ИҒАЛИЕВ

Индер ауданы әкімдігі халықты жұмыспен

қамту орталығының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521