Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттары айқын көрсетілді.
Әсіресе білім мен ғылымды жетілдіру, ауыл шаруашылығын өркендету, жаңа технологияларды енгізу және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға баса мән берілгені көңіл қуантады.
Бұл бастамалар Қазақстанның тұрақты дамуына, жастардың болашағына және өңірлердің өркендеуіне жол ашады.
Халықтың әл-ауқатын көтеру, әділетті қоғам орнату жолындағы бұл қадамдар баршамыздың бірлескен еңбегіміз арқылы жүзеге асады деп сенеміз.
Бибинұр Айтекеева
кент тұрғыны