Жетілдіре түсу келешектегі міндет

Латын алфавитінің жаңа нұсқасы бекітілді. Бұдан бұрынғы екі нұсқа туралы да пікірімді білдірген едім. Шынайы талқылау болып, көптеген қазақстандықтар өз пікірлерін еркін айта алды. Пікірлер ескерілді.

Жаңа нұсқа шықты. 25 емес, 32 әріп болған. Екі әріп Ш, Ч қос әріппен жазылады. Қазақтың өзіне тән дыбыстары Ә, Ғ, Ң, Ө, Ү және У ноқатпен жазылады. Х пен Һ бір әріппен, яғни H h болып таңбаланады.

Яғни ноқат пен қос әріп саны азайған. Бұл - жақсы. Ал енді і, и -ді бас әріппен жазғанда І деген бір таңбамен жазамыз екен. И мен й-дің айырмашылығы жоқ, бірдей таңба берілген.

Бұл енді жазуға келген уақытта қиындық тудыруы мүмкін. Алынып қалған, бірақ тілдік қатынас кезінде қолданылатын сөздер де бар Ю,Я, Ц, Щ, В, Э әріптерін қалай таңбалау қажеттігі туралы ережелер жасалатын болар.

Бұл енді тіл білімі саласындағы ғалымдардың еншісіндегі нәрсе.  Бастысы, латын қарпіндегі қазақ тілінің-ана тіліміздің қолданыстағы, тұрмыстағы өміршеңдігі. Ол үшін Қазақстанда бір-ақ алфавит болуы керек  (41 жылы түгел бір күнде кирилицаға көшкендей).

Онсыз қазақ тілділер мен орыс тілділер арасындағы алшақтық, яғни латын алфавиті мен кирилица арасындағы алшақтық қазақ тілінің болашағына жарқын жол аша алмайды. Бірдей алфавитпен жүргенде өз тіліне мойын бұрмағандар, латын алфавитіндегі тілді үйренуге құлықты бола қояр ма екен?

Қазақ мектептері үш алфавитпен (кирилица, латын, ағылшын) оқитын болғандықтан, ата-аналар балаларын екі алфавитпен (кирилица, ағылшын) оқытатын мектепке беретіні анық.

Қазірдің өзінде соңғы екі жылда орыс сыныбына барған балалардың саны күрт артып отыр. Сонда қазақ тілі орыс сыныптары жоқ, таза қазақ ауылдары үшін ғана болып қалатын болса, оның болашағы қалай болмақшы. Осы ой мені жиі мазалайтыны.


Роза ДӘУЛЕТОВА,

аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика