ЕЛ БИЛІГІНДЕГІ САЯСИ САЛМАҒЫ МЕН ӘЛЕУЕТІ ЗОР «AMANAT» ПАРТИЯСЫ – ХАЛЫҚ СЕНІМІНЕ ИЕ ПАРТИЯ. СОДАН ДА БОЛАР, ОНЫҢ ҚАТАРЫ УАҚЫТ ӨТКЕН САЙЫН ТОЛЫҒА ТҮСУДЕ. АЙТАЛЫҚ, ҚАЗІРГІ ТАҢДА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛДА 7 БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНА БІРІККЕН 1693 ПАРТИЯ МҮШЕСІ БАР. ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ 90 АДАМҒА ТОЛЫҒАДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ. БИЫЛДЫҢ ӨЗІНДЕ 23 АДАМ ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ.
Алдағы атқаратын жұмыстарымызды жүйелеу мақсатында, ай сайын желілік кестежасақталып, облыстық филиалға жолдануда.
Желілік кестеге «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ұлттық мұра» партиялық жобалары мен фракция жұмысы, бастауыш партия ұйымының және "Жастар рухының" ісшаралары енгізілді.
«Ауыл аманаты» партиялық жобасымен 2023 жылы облыс бойынша 1 млрд 500 мың теңге бөлініп, Индер ауданы бойынша 33 адамды төмен пайызда несиемен қамтамасыз ету жоспарда бар. Бүгінгі күнге дейін 280-нен аса үміткер осы жобаға тіркеліп, несиенің басталуын күтуде.
«Жер аманаты» жобасы аясында аудан бойынша 2023 жылдың соңына дейін 27 мың. га жер телімін мемлекетке қайтару жоспарланған болса, күні бүгінге 14,4 мың.га жер қайтарылып, жоспар 53,3 % орындалып отыр. Партия филиалдарының жанынан құрылған жұмыс топтары игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша тиісті органдармен жұмыстар жүргізуде.
Сайлау науқанынан кейін партия филиалдары мен бастауыш партия ұйымдары тарапынан 30-дан астам имидждік іс-шаралар өткізілді.
Атап айтсақ, мамыр айында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жергілікті мәслихат депутаттары атынан тыл еңбеккерлеріне сый-құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ, Жеңіс күні қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» атты партиялық жобасы аясында аудан ардагерлері арасында шахмат және дойбы спортынан аудандық ашық турнир өтті.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» жобалары аясында мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған жанұя балаларына іс-шаралар өткізіліп, 20-ға жуық бала қамтылды.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасына аудан бойынша 16 нысан бейімделуге тиіс. Аудан бойынша қоғамдық орындар мен халыққа қызмет көрсететін орындарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдайдың жасалуы, яғни пандустар талапқа сай болуына талдау жүргізу мақсатында рейд жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап ұйымдастырылып, зерделеу жұмыстарын бастады.
Ал «Қарызсыз қоғам»партиялық жобасы аясында аудан жоспар бойынша 500 адам оқытуы қажет. Мамыр айында 168 адам оқыса, таяу арада Көктоғай ауылынан оқу жалғасын табатын болады.
Партия филиалының 2027 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша әзірленген «Жол картасы» бекітілді. Салалық тармақтарына сәйкес, жауапты болып аудандық мәслихат депу- таттары бекітілді. Жалпы «Жол картасы» 43 іс-шарадан тұрады.
Партия өз жұмысында қоғамдық қабылдауға баса мән беріп, тұрғындардың талап-тілектеріне әркез құлақ түруге әзір. Мәселен, осын- дай мақсатпен 2023 жылға мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшылары мен аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерінің қоғамдық қабылдау кестесі бекітіліп, қоғамдық қабылдау бөлмесінде биылғы жартыжылдықта 21 қабылдау өткізілді. Түскен өтініштер саны-47. Оның 32-і (68,0%) оң шешімін тапты, қалғандарына түсінік берілді. Сонымен қатар, 2 мобильді қоғамдық қабылдау Жарсуат және Ынтымақ ауылда- рында өткізіліп, онда 10 өтініш қарастырылды.
Сол секілді «Жер аманаты» мен «Ауыл аманаты» партиялық жобалары аясында ашық есік күндері өткізіліп, «Құқықтық көмек» партиялық жобалары аясында қабылдауды апта сайын өткізу жолға қойылған.
Ендігі кезекте партиялық бақылау комиссиясына тоқталар болсам, комиссия тұрақты түрде партиялық бақылау бекеттерінің объектілері және әлеуметтік
маңызы бар азық-түлік бағалары бойынша апта сайын мониторинг жүргізеді.
Жыл басынан бері аудан бойынша 22 нысанға мониторинг жасалды. Аталмыш жұмыстар аясында БАҚ және әлеуметтік желілерде 44 материал шығарылды.
Партиялық бақылау комиссиясының отырысында аудандық құрылыс бөлімі тыңдалып, ұсыныстар берілді.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығымен» ағымдағы жылы 60-тан аса іс-шара ұйымдастыру бекітілген болатын. Қазіргі таңда 45 шара өтіп, оған – 1257 жас қатысты.
Аталған орталықтың ғимаратында кинотеатр, үстел теннисі, бильярд ойындарымен жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында толық жағдай жасалған.
Жоспарға сай филиал тарапынан ұйымдастырылып келе жатқан шараларды ақпараттандыру бағытында мәліметтер жүйелі түрде “Facebook”, “Instagram”, әлеуметтік желілеріне уақтылы жарияланса, ауданның төл басылымы “Dender” газетінде мақалалар жарияланып келеді.
Иә, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: "«Аmаnаt» еліміздің саяси өмірінде ерекше орны бар ұйым ретінде қала беретіні анық. Саясаттағы сабақтастық сақталып, партия ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарын жалғастыра береді",- деген болатын. Біз осы сенім үдесінен шығуға, халық тілегін орындауға жұмыстана беретін боламыз.
Дәурен САҒЫНҒАЛИЕВ, "Amanat" партиясы аудандық филиалының хатшысы