Сенатормен кездесті

Жарсуат округіне қарасты Құрылыс ауылында осы оқу жылында пайдалануға тапсырылған М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің акт залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлының ауыл тұрғындары және мұғалімдерімен кездесуі өтті.

Оны аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы М.Алдерзин ашып, Сенат депутаты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жан-жақты таныстырып, қойылған міндеттерді іске асырудың мән-жайына тоқталды. Осы Үндеуге байланысты Қазақстан мен облыста қолға алынып жатқан, соның ішінде Азғыр мен Тайсойған өңіріне қатысты бүгінгі таңда атқарылатын жұмыстардың маңызын баяндады.

Кездесуде ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Есенғали Бектұрсынов халықпен кездесуге келгендігіне ризашылығын білдіре отырып, округте дәрігер мамандардың жетіспей отырғандығын, сондай-ақ ұялы телефон байланысын жақсарту жайын, ал осы округтен аудандық мәслихатқа сайланған депутат, «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев Бұқар елді мекені тұрғындарының жер мәртебесіне қатысты туындаған мәселелері, кіші буын қызметкерлерінің жалақысын көтеру қажеттігін алға тартты.

Мектеп мұғалімі, «Нұр Отан» партиясы Құрылыс территориялық бастауыш ұйымының төрағасы Сағынтай Керешов Сенат депутатының бүгінгі таңдағы атқарып отырған қызметіне ризашылығын білдіре келе, Елбасының «бес әлеуметтік  бастамасын» да  тұрғындардың қолдап отырғандығын жеткізді.

Кездесу соңында аудан әкімі міндетін атқарушы М.Алдерзин  Сенат депутаты Сәрсенбай Құрманұлына халықпен жылы      шырайлы кездесу өткізгеніне ризашылық білдіріп, бірқатар тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

С.КЕРЕШОВ.

Құрылыс ауылы. 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика