Облыста сүт, ішімдік және минералды су бағасы өсті

Energyprom.kz статистикалық мәліметтеріне сәйес, Атырау облысында соңғы бір жылда салқын сусын, сүт пен ішімдік қымбаттаған.

Біздің өңіріміз ең қымбат сүт сатылатын үштікке кіреді: пастерленген сүттің орташа бағасы 255 теңге, Алматы мен Ақтөбеде де осындай баға.

Energyprom.kz сарапшылары атап өткендей, жалпы ел бойынша жыл ішінде сүт 8 пайызға қымбаттады. Басты себебі – отандық өндіріс сұранысты толық қамти алмайды.

Азық-түлік дүкен сатушыларының айтуынша, сүт өнімдерінің басым бөлігі Ресейден әкелінеді. Арақ ел бойынша 5,8 пайызға қымбаттаған, ең қымбат арақ - Нұр-Сұлтан мен Атырауда. Бұдан басқа, біздің өңірде алкогольсіз сусындар 10 пайызға қымбаттаған.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

azh.kz сайтынан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521