Нақты іс найқалуды күтпейді

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауын талқылауға арналған аудандық актив жиналысы жаңа мәдениет үйінде өтті. Онда аудан әкімі Серік Арыстан, Елбасы Жолдауындағы міндеттерді орындау барысы туралы мазмұнды баян етті.

Одан соң жарыссөзге шыққан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтеп Нұриев, «Ахмадияр» ЖШС-нің төрағасы, жеке кәсіпкер Әсел Абилова, аудандық оқушылар шығармашылығы орталығының директоры Есенғали Құлшығаев, аудандық орталық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Зайтова, аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығының студенті Нұрқанат Самат биылғы Жолдау жүктеген міндеттер мен мақсаттарға қатысты өз ойларын ортаға салды.

Диас АЙБАРОВ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT