"Нұрлы жер" ауылға жетпей жатыр

Елбасы Н.Назарбаевтың  «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» насихаттау және «Нұр Отан» партиясының жаңа жобаларын жүзеге асыру бағытында  ауданымызда «Бірыңғай партия күні» шарасы өтті. Шара аясында Индербордағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің базасынан  IT-сыныбы ашылды.

Мәдениет үйінде партия активімен өткен кездесуде  «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев еліміздегі стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруда «Нұр Отан» партиясының жаңғыру жолында жаңа жобалары қолға алынып отырғанын атап өтті.

Жаңа партиялық жобалар партияға деген сенімді күшейтуге, еліміздегі стратегиялық бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыруға жүйелі түрде қатысуға, білікті кадрлар тобын қалыптастыруға және партия қызметін жаңғыртып, оның жұмысына заманауи технологияларды қолдануға бағытталған,-деген ол  Президентінің бес әлеуметтік бастамасының Атырау облысында іске асыру барысын атап өтті. 

«Партияның жаңа жобалары» бойынша аталмыш партияның облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Данагүл Бағытжанқызы баяндады.

Партияның бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құру ісі де қолға алынбақ, - деді ол.

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы саясаттанушылар орталығының төрағасы, саяси ғылымдар докторы, профессор, Атырау инженерлік гуманитарлық институтының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Киікбай Жаулин Астананың 20 жылдығына орай баяндады.

Жарсуат бастауыш ұйым төрағасы, Жарсуат ауылдық округінің әкімі Әлифолла Балахметов ауылдың көкейтесті мәселелерін көтерді.

Елбасының әлеуметтік жобасы халық арасында қолдау тапқандығын жақсы білеміз. Ауылымызда да бірқатар жұмыс қолға алынуда.  Дегенмен де ауыл-аймақта әлі де күрделі мәселелер кездеседі. Мысалы, «Нұрлы жерге» байланысты ауылдық жерде халықтың әлеуметтік топтары қалыс қалып отыр. «Атырау облысы республика көлемінде жоғары жалақы алады" дегенменен ауылдық жерде олай емес. Мектептегі техникалық қызметкерлер  30 мың теңге ғана жалақы алады.  Ауыл-аймаққа дәрігерлер келмейді. Аудан орталығының өзіне де дәрігер жетіспейді. Сондықтан да мемлекеттің квотасымен оқытқандарға ауылда жұмыс жасауына мүмкіндік жасалса, - деді.

Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер Ұлдай Аманғалиева жастай жетім қалған жиендерінің жайын көтерді.  Кездесуді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының орынбасары Ө.Оразғалиев қорытындылап, облыстан келген топқа аудан басшысы атынан ризашылығын білдірді.

ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ КАБИНЕТІ

Бұл күні Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте  облыстық филиал төрағасының орынбасарыБ.Қарабаев мектеп директоры Айман Меңдігереевамен бірге IT-сыныбын салтанатты түрде ашты.

Бұл жаңа жобаның мақсаты балалардың қазіргі заманғы бәсекеге сай білім алуына орай 3D модельдеу, роботехника, сәулет, дизаин, анимация веб-сайт құру бағдарламалары бойынша білімдерін жетілдіру. Мұнда оқушылар қарапайым алгоритмдерді құруға, еуропалық білім беру стандарттарына сәйкес бағдарламаларды игеруге мүмкіндік алады. Осы бағдарлама аясында  облыста арнайы білім алып, сертификатқа ие болған мұғалімдер білім береді.

Саламат БАЗАРБАЕВ.

Суреттер автордікі.

 

 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика