Мемлекеттік қызметтің жәй-күйі

 

 2024 жылғы 1 ақпан жағдайы бойынша Индер ауданында мемлекеттік қызметшілер штаты 95 бірлік болса, Нақты жұмыс жасап жатырғаны 88 мемлекеттік қызметкер,  5 тұрақты бос лауазым (Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі, аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы, Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі және Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы). Жұмыс жасап жатырған мемлекеттік қызметшілердің ішінде аудан әкімі аппараты бойынша – 14, дербес бөлімдер бойынша - 29, Индербор кенті, ауылдық округ әкімі аппараттары бойынша – 45. Нақты жұмыс жасап жатырған 88 мемлекеттік қызметшілердің ішінде 47-сі немесе 53 пайызы әйел адамдар болса, 41-і  немесе 46 пайызы ерлер. Жастардың үлесі 32 пайызды құрап отыр. Мемлекеттік қызметшілердің ұлттық қатынасы бойынша жұмыс жасап жатырған қызметкердің 87-і қазақ ұлтынан болса, 1-уі (Л.Осипян Индербор кенті әкімі аппаратының бас маманы) орыс ұлты.

Мемлекеттік қызметшілердің 88-і жоғары білімді. 26 қызметкердің              2 және оданда көп білімі бар.

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.

Азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік органның негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады. Біз әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпыну керекпіз.

Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер

  1. Мемлекеттiк қызметшi: өкiлдi органның депутаты болуға; педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға; кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға; өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға; өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға; ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға; лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға құқылы емес.

 Мемлекеттік қызметші ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көрсетілгендей қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуі тиіс. Тек мұндай қарым-қатынас бізге мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT