Мемлекеттік қызмет атқару – жауапты қызмет

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, сондықтан мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей мінсіз атқаруы тиіс. Бүгінде, мемлекеттік қызметші – білімді адам, дарынды ұйымдастырушы, көптеген салалардың білгірі.

Қазіргі заманғы қоғамның даму динамикасы - мемлекеттік аппараттың жүйесін тұрақты түрде дамыту мен жетілдіруін талап етеді. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшінің өздігінен дамуы – ең алдымен қызметтік әдебінен бастау алады. Осы тұста, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілеу және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қабылданды. Сәйкесінше, мемлекеттік қызметшілер нақ сол мемлекеттік қызметті өткеру барысында тиісті заңнама және әдеп кодексінің талаптарың қатаң сақтап, өзінің тарапынан орын алатын қандай да бір іс-әрекеттер мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал ететінін әрдайым жадында сақтауы қажет екенін ұмытпағаны жөн.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521