Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өседі

Тоқаев Жолдауында мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту жұмысын тездетуді тапсырды. Мемлекеттік қызметшілер санын қысқартқаннан кейін, төмен буындағы жұмысшылардың жалақысы орташа есеппен 15 процентке көтеріледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бизнес процестерді жеңілдету және автоматтандыру жолымен мемлекеттік органдарда штат саны оңтайландырылады. Бірқатар басқару тобын қысқарту ұсынылмақ.

"Төмен буындағы қызметкерлер жалақысының көтерілуі ынталандырушы фактор болмақ. Былтыр олардың еңбекақысы 25 процентке өсті. Штат санын оңтайландырудың арқасында, жалақы орташа есеппен тағы 15 процентке артады", - деді Дәленов үкімет үйінде өткен брифингте.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту жұмысын тездетуді тапсырған болатын. Оған сәйкес, биыл мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің саны 10 процентке, ал келесі жылы тағы 15 процентке қысқартылады.

Осылайша шенеуніктердің 25 проценті қысқартылып, үнемделген қаражат есебінен жұмыста қалған қызметкерлердің жалақысы көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика