Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ: «Мақсат – тәуелсіздігімізді баянды ету»

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ​ ​

«Біз биыл тәу етер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Егемендік жылдары еліміз барлық салада орасан зор табыстарға қол жеткізіп, әлемдік қауымдастыққа өзін мойындатты. Тәуелсіздік жетістіктерінің айқын куәсінің бірі - жаңарған, жаңғырған Атырау өңірі», - деді облыс басшысы. ​

Спикердің айтуынша, осы жылдары өңірде халық саны артып, барлық сала тұрақты өсіммен келеді. Инвестициялар көлемі бірнеше есеге өсіп, экономиканың жаңа секторлары қалыптасып, ауыл шаруашылығы дамып, мал басы айтарлықтай көбейген. Өнеркәсіп, соның ішінде, мұнай және газ өндіру қарқыны еселеп ұлғайған. Жол салу, газбен және ауыз сумен қамту бойынша ауқымды жұмыстар жасалды. Ал, шағын және орта кәсіпкерлік пен тұрғын үй құрылысы саласы тұрақты дамуда.

Былтыр Атырау өңірінде экономикаға тежеу болған коронавирустық инфекция пандемиясына қарамастан, жүйелі жұмыстар жүргізілгеніне тоқталған Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Бұл толағай табыстар - бүгінгі әлеуетімізді арттыруымен ғана шектелмейді, болашақ дамуымызға да негіз болады. Ендігі мақсат – қол жеткен жетістіктерді еселеп, мемлекеттігімізді нығайтып, тәуелсіздігімізді баянды ету», - деді.

Атап өту керек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде. ​

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика