Маңызды шешім қабылданды

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылыПрезидентiмiз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде халық арасында Республикалық референдум өткізуді ұсынғанын естіп, біліп отырмыз.

Өз сөзінде:
- Референдум – бұл маңызды демократиялық институт, алайда Қазақстанда референдум соңғы рет 1995 жылы, қолданыстағы Конституция бекітілгенде өткен. Кейін "Республикалық референдум" туралы Конституциялық заң қабылданды. Алайда ол практика жүзінде бірде-бір рет қолданылған жоқ", – деген болатын.

Жалпы 2022 жылдың басынан бері "Жаңа Қазақстан" құруға көшкенімізді жолдау, тапсырма, шешімдерді оқи отыра байқауымызға болады.

Міне, тағыда бір маңызды шешім қабылданып, жалпы ұлттық референдум өткізу туралы жариялады. Бұл бастама да "жаңаруға" сеп болатын шешімдердің бірі деуге болады.

Ұсынылған түзетулер қатарында Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту, Президенттің өкілеттілігін қысқарту, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту, құқық қорғау саласын нығайту мәселелері бар.

Сонымен қатар, референдум әр азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беріп, жаңа Қазақстанды құру бағдарымызды нығайтады деді.

Ендеше, Президент ұсынған бастама iске асып, бірлігіміз арта берсін!

Жадыра Нариманқызы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика