Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты норманы алып тастау ұсынылды – Ерлан Қарин

Мемлекетік хатшының жазбасына қарағанда, Конституциялық Кеңестің енгізілетін түзетулер жобасына қарсылығы жоқ.

Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөлі туралы мәртебе беретін норманы Конституциядан алып тастау жөнінде өтінім жолданды. Бұл туралы Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин telegram каналында жазды.

«Бүгін Конституциялық Кеңес ел Конституциясына түзетулер енгізу жобасын жақтайтын қорытынды шығарды. Бұл Конституциялық реформаны іске асырудың ең маңызды, ел мен ұлт болашағында мәні зор кезеңдерінің бірі. Конституциялық реформа билік тармақтарының арасындағы теңгерімді оңтайландырып, халықтың мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді және азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын күшейтеді. Сондай-ақ жұмыс тобының кейбір мүшелерінің пікірін ескере отырып, Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысы бар норманы алып тастау туралы қосымша өтінім жолданды. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірі бойынша, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және оны Конституцияда жекелеп бекіту қажет етпейді», – деп жазды ол.

Мемлекетік хатшының жазбасына қарағанда, Конституциялық Кеңестің енгізілетін түзетулер жобасына қарсылығы жоқ.

«Конституциялық Кеңес түзетулердің бүкіл тармақтары Конституцияға сай деген қорытынды берді. Конституциялық норма тұтастай мемлекеттік-саяси модельді трансформациялауға бағытталған және қоғам игілігі үшін жүргізіліп жатыр», – деп толықтырды Ерлан Қарин.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Тұңғыш Президент туралы Заң қашан күшін жоятынын айтқан болатын.

 

Aikyn.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика