Көпбалалы ана Оңайбике Жаңабергенова: Балаларымның жарқын болашағы үшін дауыс бердім

 

ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауына дауыс берушілер белсенді қатысып жатыр. Олардың арасында атыраулық көпбалалы ана Оңайбике Жаңабергенова да бар. Ол сайлау учаскесіне отбасымен бірге келген. Қасында жолдасы, балалары мен келіндері, немересі мен немере келіні бар, деп хабарлады Өңірлік коммуникация қызметі.

Жасы 70-ке жақындаған әже Сарықамыс мөлтек ауданындағы №33 орта мектепте орнасқан №83 сайлау учаскесінде дауыс берді.

- Халқымыз үшін маңызды күнде отбасымызбен келіп, әр қайсысымыз өз таңдауымызды жасадық. Осы балаларымның жарқын болашағы үшін дауыс бердім. Барлық қазақстандықты, жерлестерімді еліміздің амандығы үшін, жарқын болашақ үшін дауыс беруге шақырамын,- деді О.Жаңабергенова.

Сарықамыс ықшам ауданындағы №83 сайлау учаскесінде 2358 сайлаушы болса, оның қазіргі уақытта 200-ге жуығы келіп, өз таңдауын жасаған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз