ХАЛЫҚ САНАҒЫ: Атырауда 100- ден астам бұрыш ашылды

Еліміз бойынша барлығы 3 мыңнан астам санақ бұрышы болса, соның жүзден астамы Атырауда орналасқан, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атап айтқанда, бұл бұрыштар – Әбілқайырхан даңғылында, Баймұханов көшесінде, Азаттық даңғылындағы Халыққа қызмет көрсету оталығында, «Тамаша», «Атырау», «Байзар» секілді ірі сауда орталықтары мен «Дина», «Насиха», «Көктем» базарларында орналасқан. Бәрі де қажетті ғаламтор желісі мен компьютермен жабдықталған. Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Маржан Акимованың айтуынша, санақтан өте алмай жүргендерге департамент қызметкерлері кеңес береді.

«Барлығы 91 сұрақтан тұратын 4 санақ парақшасы әзірленген. Әлемдік тәжірибеде санақ 5-10 жыл сайын жүргізіледі. 16 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде 3 миллионнан астам адам санақтан өткен. Ал, Атырау облысында 1 тамызда халық саны 663 990 адамды құрады» дейді ол.

Толық мәліметті sanaq.gov.kz, egov.kz сайттары мен 1340-Aitu мобильді қосымшасынан алуға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521