Ел тағдыры - ел назарында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың көкейінде жүрген жер, тіл, мемлекеттік сатып алу, ұлттық қор қаражаты, тағы басқа маңызды мәселелерді өз Жолдауында қозғауы ерекше оқиға деп санаймын.

Соңғы уақытта қоғамда жеріміз шетелге сатылып жатыр деген әңгімелер жиілеп кетті. Президент Жолдауында «Жер сатылмайды» деп нақты айтты. Алайда жер сатылмағанымен, оны өзіміз тиімді пайдалануымыз қажет. Қазір көп адамдардың меншігіндегі жерлер еш жұмыс жүргізілмей, бос жатыр. Жер - бүкіл қазақ халқына ортақ байлығы болған соң халықтың игілігіне жұмсауымыз қажет қой.

Содан соң Президенттің: «Ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қамы, қазынасы» екендігін айрықша атауы, ондағы қаржының жұмсалуына айрықша бақылау керектігі де өте орынды болды. Жалпы Мемлекет басшысы өзінің алғашқы Жолдауында ең маңызды мәселелерді қозғады, ол көпшілік халықтың көңілінен шықты. Біраз уақыттан бері мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы көтерілмеген болатын. Жолдауда айтылғандай алдағы уақытта кітапханашылар мен мәдениет қызметкерлері де жоғары жалақыға ие болады. Үкімет бұған дейін де шағын және орта кәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөліп келді. Соның бір дәлелі кәсіпкерлерді тек-серуге мораторий жа¬сауы болатын. «Кәсіпкер – айлық беруші, жұмыс беруші, салыққа түсім түсіруші» деген Қ.Тоқаев осы жеңілдікті тағы да 3 жылға дейін созуды тапсырды.

Мемлекет басшысы бейбіт шеруге шығуға тыйым салынбайтынын ескертіп, егер бейбіт шеру заңды бұзбай, азаматтардың тыныштығын да бұзбауды көздесе, заңға сәйкес тәртіп бойынша рұқсат берілуі тиіс. Әрі қаланың шетінде емес, арнайы орындар бөліну керек екенін айтты. Сондай-ақ, Президент азаматтардың құқықтарымен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән берді. Ол үшін азаматтардың құқықтарымен қауіпсіздігін қорғауды күшейтудің шешуші факторы сот және құқық қорғау жүйесін терең реформалау керек екендігі айтылды.

«Мен ел тағдырына жаны ашитын Әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі», - деп Жолдауында Қазақстанның әр азаматына сенім білдірді. Біз де сол сенім үдесінен көріне білуге тиістіміз.

Лаура БАҒЫТЖАНОВА,

аудандық Әділет басқармасының басшысы

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика