Биыл облыс бойынша 40-тан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталып отыр

Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен Атырау қаласы және аудан әкімдерінің қатысуымен жемқорлықпен күреске қатысты селекторлық жиналыс өтті. Жиында мемлекеттік орган басшыларының бағынысты қызметшілері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың отставкасы және жауапкершілігі институтын іске асыру мәселесі қаралды.

Облыс әкімі елімізде төтенше жағдай енгізіліп, коронавирус індетімен күрес жүріп жатқанына қарамастан сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бір сәт те тоқтамайтынын атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлық - экономика және қоғамның әр саласына тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Мемлекет басшысы жемқорлық ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін атап, оны жоюда бір адамдай жұмылуға шақырды» — деді облыс басшысы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы департаменті басшысының міндетін атқарушы - Қанат Қожахметов баяндама жасады.

«Мәселен, жыл басынан бері облыс бойынша 40-тан астам сыбайлас жемқорлық қылмыс анықталды, соның ішінде пара алу, бюджет қаражатын жымқыру, өкілеттігін теріс пайдалану. 15 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі денсаулық сақтау және мемлекеттік сатып алу салаларында байқалады»,-деді ол.

Сонымен қатар Қанат Қожахметов Төтенше жағдай режиміне қарамастан облыстық департамент қызметкерлері Antikor.Live. жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті онлайн форматта таратып жатқанына тоқталды. Ол сондай-ақ өткен жылдың қараша айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген бірқатар түзетулерді атап өтті. Қол астындағылар арасында сыбайлас жемқорлық үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі және саяси қызметшілердің орнынан түсу тетігі жұмыс істейтінін айтты.

Жиынды қорытындылған облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамға таралу жолдарын кесу, оның өршуіне жол бермеу үшін күресуіміз қажет»,-деді.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика