Атырауда АҚШ кәсіпорындары саны артып келеді

Атырау облысында 50 елден бір мыңнан астам шетелдік серіктес және бірлескен компаниялар тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде Қазақстан – АҚШ іскерлік қарым-қатынастарының арқасында елуге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Биылғы жылдың жеті айында Атырау облысы мен АҚШ арасындағы сауда-саттық пен өндіріліген өнім көлемі 248 миллион АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт 91 миллионды құраса, облыс аумағына келген тауар көлемі 157 млн долларға жетті. Қарлығаш Бекбаева, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Атырау облысында 49 Қазақстан – АҚШ бірлескен кәсіпорны жемісті жұмыс істеп жатыр. Олар мұнай-газ және мұнай-химия саласы, инженерлік-барлау қызметі, геология салаларына инвестиция салған. Осы бірлескен компанияларда қазір мыңдаған отандасымыз еңбек ету үстінде. Осы категория бойынша: «АҚШ-тан Қазақстанға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 45 млрд доллардан асқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT