Біздің шағын ауылдағы 123 сайлау учаскесінде " Amanat" партиясы қоғамдық бірлестігі ұйымы атынан байқаушымын. Сайлау өз деңгейінде өтіп жатыр. Барлық заң талаптары сақталып отыр. Таңдаушылар үшін де тиісті жағдай жасалған. Ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары. Дауыс беруге келгендер Наурыз көжеден ауыз тиіп, өз ризашылықтарын білдіріп жатты. Даладағы әсем әуен де бүгін бір ерекше күн екенін сездіріп тұрды. Осылайша ынтымағы жарасқан ынтымақтықтар да еліміздің болашағы үшін өз таңдауларын жасап жатыр.
Құмар Қалиев,
"Аманат" партиясы қоғамдық бірлестігінің байқаушысы