Доллар құнының күрт өсуі елдегі ақша айырбастау пункттерінде байқалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
NUR.KZ айырбастау бағамы бетіндегі деректерге сәйкес, бүгін, 28 ақпанда, Алматыда долларды сатудың ең жоғары құны 515-520 теңгені құрады.
Нұр-Сұлтанда - 520 теңге, ең төменгісі - 496 теңге. Kurs.kz сайтының ақпаратына сәйкес, Алматыда ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 504-506 теңгеге сатылуда. Сатып алу 498-500 теңгені құрайды. Елордадағы ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаның сату құны бір бірлік үшін 503,5 теңгені құрайды.
Еске салсақ, KASE сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 495 теңгені құрады. "Америкалық" биржада 28 теңгеден аса қымбаттады.
Соған қарамастан Ұлттық экономика министрлігі қазақстандықтарды валюта нарығындағы түсініксіз жағдайда "күрт қозғалыс" жасамауға шақырды.