2025 жылы қазақстандықтар 89 елге визасыз сапарлайтын болады

Бұл туралы Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының көпвекторлы сыртқы саяси бағытын және Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларын іске асыру жалғасады. 2022 және 2025 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткізіледі. Шетелде оқитын және жұмыс істейтін қазақстандықтар мен Қазақстаннан асырап алынған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етіледі. Негізгі стратегиялық әріптестермен қатынастарды нығайту бойынша жұмыс жалғасады», - деді Үкімет басшысы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқылау барысында.

Оның атап өтуінше, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция, қазақстандық бастамаларды ілгерілету, ШЫҰ, БРИКС, ИЫҰ елдерімен әріптестік жалғаса береді.

«Сонымен қатар Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдары өкілдерінің БҰҰ және басқа да халықаралық әріптестердің іс-шараларына қатысуы қамтамасыз етіледі. 2021 жылы визасыз режим елдерінің тізімі кеңейіп, 77 елден тұратын болады. Ал кейін, 2025 жылы 89 елге дейін кеңейеді», - деді Асқар Мамин.

inform.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика