1-3 баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақы енгізілуі мүмкін бе

Көп балалы емес отбасыларға жәрдемақы енгізу туралы халық тарапынан ұсыныстар айтылып келеді. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов түсінік берді.

«Министрліктің ішінде әртүрлі тәсілдерін қарап, қаржыны да есептеп көріп жатырмыз. Бірақ бұл мәселе қаржы мүмкіндігіне байланысты», - деді Біржан Нұрымбетов. Айтуынша, қазіргі уақытта 370 мың көп балалы отбасы жәредемақы алады.

«Мысалы бізде көп балалы 370 мың жанұя бар. Соның ішінде аз қамтылған 125 мың жанұя бар. Ал енді 1,2,3 балалы аз қамтылған жанұялардың саны – 190 мың. Ал Қазақстан бойынша 1,2,3 баласы бар 2 млн 904 жанұя бар. 15 есе көп. Сондықтан ол 15 есе артық қаражатты талап етеді. Екіншіден, басқа дәулетті, жағдайы жақсы отбасыларға да осы жәрдемақыны төлеу керек пе, жоқ па? Ол да үлкен сұрақ. Сондықтан біз әлі ешқандай шешімге келген жоқпыз. Бірақ оның бәрін қарап жатырмыз», - деді.

Сонымен қатар елімізде балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылардың 6 түрі бар екенін айтып өтті. Табысы төмен болса, 1-3 баласы бар отбасылар да атаулы әлеуметтік көмек алады.

Автор: Д.Доспан.

24.kz сайтынан

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика