Ұлт боламын десең... ұлыңды ойлы ет, қызыңды 40 үйден тый

Жас ана сәбиі үшін ұйқысын төрт бөліп, дені сау, саналы азамат болу үшін әлпештеп өсіреді. Менің де сәбиі бар жас анадай түн ұйқым төрт бөлінеді. Менің ұйқымды төрт бөлетін жайт - жас ананың құшағындағы ұрпағының, келешек ұлттың тәрбиесі.

Жалпы қазақ халқында тәрбие – «Тал бесіктен» деп жатамыз. Қазақ баласын жасына, жынысына қарай тәрбиелеген. Баланы адамгершілік ар-ұят, адалдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, еңбекке, дінге, Отансүйгіштікке тәрбиелеп, бағыт-бағдар беріп отырған. Қазақ халқы қаншама қасіретті бастан кешсе де ұлттық тәрбие ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жойылған емес. Халқымызда бала тәрбиесіне байланысты мынадай нақыл сөз бар: «Баланы бес жасқа дейін жаныңдай жақсы көр, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан соң бидей ақылдас» - деген. Осы бір нақыл сөзде қаншама ғылыми, философиялық негіз бар? Қанға сіңген қадір-қасиетімізден уақыт өткен сайын қол үзіп бара жатқандаймыз. Ұлын он үште отау иесі санап, қызын қырық үйден тыйып, қызғыштай қорып тәрбиелеген халқымыздың қанын тексерген Оңтүстік Корея дүниежүзі халықтары ішінде біздің қанның ең таза қан екенін дәлелдеген.

Ұрпағымызға ұлттық тәрбие беретін бірінші ата-ана, балабақша, мектеп, жоғарғы орындары, колледж, жұмыс істеп жүрген мекеме, телерадио, баспасөз деп ойлаймын. Бұл ретте алдымын ана тілі ауызға оралады. Себебі, әлі күнге қазақ балаларын орыс балабақшасына және мектептеріне беру жалғасуда. Сонда, орысша тәрбие мен білім алған қазақ баласы өз ұлтына жан-тәнімен қызмет ете ала ма?

Кешегі екінші дүниежүзілік соғыста қан кешіп жүріп Бауыржан Момышұлы Қазақстан Орталық комитетіне хат жолдаған. Онда «Қазақ балаларын қазақ мектебінде оқытсын, қазақи ойын ойнасын, қазақи тәрбие берсін»-деп жазған. Қандай керемет ұлағатты сөз!

Ұлттық тәрбиеде ұлтымыз қыз балаларға ес біліп, етек жаба бастағанда әдепті бойына жидырған. Бүгінде қазақ қыздары шалбар, шортик киюге әуес. Бұл қыз баланы әдепсіздікке жетелейді. Қазақ қызына көйлек кигізген. Ұлтымызда көйлек киген қыз жаңағы әдепсіз қылықтан аулақ болады. Қыздарға шолпы, моншақ тағып жүрсін деп түзеуге дағдыландырған. Сырт сұлулығынан гөрі, жан сұлулығына ерекше мән берген.

Ал, бүгін ше? Бүгін елімізде некесіз жүктілік, түсік жасату себепсізден-себепсіз көбеюде. Мемлекетіміздің денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева елімізде 2016 жылы түсік тастағандардың саны 79 мыңға жеткені баспасөзде жариялады. Бұл – ресми дерек. Ресми деректің сыртында қаншама қыздар барын бір Алла біледі.

Түгел сөзді түйіндей келе айтарым, ұлт болам десең ұрпағыңа ұлттық тәрбие бер, ағайын!

Қуанғали Аронов,

зейнеткер.

Есбол ауылы.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика