«Батыс» өңірлік қолбасшылығының 200 сарбазы әскери ант қабылдады

Жас толысым сарбаздарын әскери антқа келтіруге арналған салтанатты іс-шаралар Атырау, Ақтөбе қалаларында және Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында өтті.

Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстарынан 200-ден астам әскери қызметшілер Отанға адал болуға ант берді.

img-20210517-wa0009

Іс-шараға «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасарлары мен әскери бөлімдердің командирлері қатысты. Карантиндік шектеулерге байланысты рәсім ата-аналардың қатысуынсыз өтті.

- Мені әскери қызметке Алматы облысы, Жаркент қаласынан келдім. Бөлімге келгеннен кейін әскери дайындық бірден басталды. Ант бергенге дейін бәрімізде толқулар болды, бірақ бәрі жоспар бойынша өтті, - дейді әскер қатарына шақырылушы Исламбек Еркімбеков.

img-20210517-wa0008

Жас толықтырушылар кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша жауынгерлік дайындықтарын жалғастырады, осылайша олар артиллеристер, барлаушылар, байланысшылар, атқыштар және басқа әскери мамандар ретінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерімен бір құрамда тұрады.

img-20210517-wa0011

Әскери ант - бұл әрбір жас сарбаз үшін ерекше әскери жоралғы, шынайы қызмет басталатын жауапты да қызықты сәт.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT