Атыраулық полицейлер тұрғынның үйінен заңсыз сақталған 106 киік мүйізін тәркіледі

Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылының 34 жастағы тұрғыны өз үйінде 106 киік мүйізі, 2 тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық қаруын заңсыз сақтаған.

Тексеру барысында полицейлер аталған азаматтың түнгі уақытта «Yaqi» мотокөлігімен тыйым салынған киік жануарларын аңшылық қаруымен атып, мүйіздерін заңсыз иемденіп келгендігі анықталды. Сондай-ақ, Балқұдық ауылының маңынан мүйіздері кесілген күйдегі киік жануарының төрт өлік денесі табылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339 бабы 3 бөлігі бойынша «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Атырау қалалық Полиция басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT