Атырау полицейлері 4000-нан астам қару иелерін тексерді

"Республикалық "Учаске" жедел профилактикалық алдын алу іс-шарасы барысында Атыраулық полицейлер облыс тұрғындарының мекен жайларынан иеліктеріндегі қаруларын тексеруде. Аталмыш шара барысында полиция қызметкерлері облыстағы 6804 қару иелерінің, 4455-ін тексерді" - деп хабарлады департамент бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді.

Учаскелік инспекторлар азаматтық қаруды сақтау және алып жүру ережелеріне қатысты 148 бұзушылықтарды анықтады. Қару сақтау ережелерін бұзғандардың 53-і ҚР ӘҚБтК 484 бабымен, 95-і ӘҚБтК 486 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін барлығы 105 қару, оның ішінде заңсыз сақталған 13 қару тәркіленді.

Шара барысында, Индер аудандық полиция қызметкерлерімен 279 қару иесі тексерілді. Аудан орталығының 62 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 484 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Заңсыз қару сақтаған Елтай ауылының тұрғынына ҚР ӘҚБтК 482 бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, аудандық сотқа жолданды.

Қыстақтарды аралау барысында Қызылқоға ауданының Тайсойған ауылдық огругіне қарасты шаруа қожалықтарының бірінің 34 жастағы иесінен құжаттары жоқ, ІІО тіркелмеген, заңсыз сақтаудағы 16мм калибрлі азаматтық қаруы табылып, тәркіленді. Аталған аймақтағы тағы бір қожалықтың 25 жастағы иесінің үйінен ешқандай құжаттары жоқ, ІІО-мен тіркелмеген, заңсыз сақтаудағы 16-калибрлі азаматтық қару табылып, алынды.

«Учаске» жедел іс шарасы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика