Атырау облысында тарихи орындарға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді

« Облыс әкімі бұл туралы "Айқын" газетінде жарияланған мақаласында жазды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Өңірдің тарихын зерттеу мақсатында биыл Мақат ауданындағы «Тас кешу» керуен-сарайына, Құрманғазы ауданындағы Құдайберген қорғандарына археологиялық ғылыми-зерттеу және қазба жұмыстары жүргізілді. Ауылдың мәдениет саласын дамыту бағытында 1 мәдениет үйінің құрылысын желтоқсанда аяқтаймыз. Тағы бір мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Өңірдің көрнекті тұлғалары дәріптеліп, Д.Нұрпейісоваға, Исатай Таймановқа, Халық әртісі Рысбай Ғабдиевке, дәулескер домбырашы Қаршыға Ахмедияровке арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Күні кеше ғана Атырауда отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен үш күндік «Ұлық ұлыс — Алтын Орда» атты ғылыми-практикалық халықаралық конференция өтті. Терең тарихымызға қатысты талай тың деректер айтылып, іс-шараға қатысушылар көне қала Сарайшыққа барып, тарихи мәліметтерге қанықты. Жуырда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай 2021-2025 жылдарға арналған Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қабылданды.

Маңызды құжат облысымыздағы жылдар бойы келе жатқан проблемаларды шеше отырып, өңірдің жаңа серпінмен дамуына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына жол ашады" делінген мақалада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521