250 қойды кім ұрлады

Желтоқсан айында бір малшының қорасынан түнде 200-ден астам қой ұрланған. Содан бері іздегенмен нәтиже жоқ. Редакцияға хабарласқан Кенжеғұл Жалғасбай, Жамбыл Кенжебаев, Сағат Шөменов, Қоныс Жамбылов, Самиғолла Шөменов сынды Бөдене ауылының тұрғындарының  шағымы бойынша 2017 жылдың желтоқсан айында «Алғабас-Жорық» каналы бойында отырған Азамат деген малшыға жеке меншік қойларын қосып қойған.

Алайда бір түнде қойдың жоғалып кеткені жөнінде хабар келіп, іздеуге шығады. Табылады деген үмітпен полицияға бармай іздей беріпті. Ал малшы қораның есігін ашып, біреу әдейі алып кеткенін  айтатын көрінеді. Жоғалған малдың саны – 250-ге жуықтаса, оның бір түнде із түссіз жоғалып кетуі тіптен мүмкін емес дейді қарайған малынан айырылғандар. 

Бұл фактіні жақында аудандық әкімдікте өткен мәжілісте Жергілікті полиция басшысының міндетін атқарушы Р.Мұратов растады. Алайда мал иелері полицияға шағымданбай өздері іздей беріпті.

Тұрғындардың малдың ізіне түсіп, жауаптыларды анықтап, шығынды өтеп беруге көмектесу жөніндегі хаттарына орай аудан прокуроры А.Жұмабековке және аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы И.Сұлтановқа сауал жолданған болатын. Бүгінде іс қолға алынуда.

Ж.Ісім.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT