Жанаргүлдің жеке концерті туған ауылында өтті

Индер ауданы әкімдігінің қолдауымен жастар жылына орай, Қазақстанның халық әртісі Ғ.Құрманғалиевтың 110 жылдығына арналған Халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, өнертану ғылымдарының магистрі, «Өнер жанашыры», «Алаш ұстазы» төсбелгілерінің иегері, дәстүрлі әнші, ұстаз Жанаргүл Сәркенованың «Туған дала қойнында, ән боп туған мен балаң» атты алғашқы жеке шығармашылық кеші өз туған мекен Бөдене ауылында өтті.

dsc_1673

Өз туған топырағының төл перзенті, жезтаңдай әнші Жанаргүл Сәркенова есімі бүгінде облыс қана емес, республика көлемінде жақсы таныс. Жастайынан дәстүрлі ән өнерін жанына серік еткен өнер иесі республикалық деңгейде өткен байқаулар мен түрлі фестивалдерің лауреаты. Киелі өнер әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу мен ажары бар сырлы да нәзік әндерімен көрермендерді елең еткізіп, жырымен, әнімен халық жанын тербеп жүрген дәстүрлі әнші Жанаргүлдің шығармашылық кешінің шашбауын көтеруге келген бөденеліктердің санында шек болмады.

dsc_1700

Өнер иесіне арналған бейнетаспамен басталған кеш шымылдығы халықаралық конкурстардың лауреаты «Әсем әуен» дәстүрлі әншілер ансамлбі мен бірге кеш иесі Ғ.Құрманғалиевтің «Сәлем» әнімен түрілді. Одан соң от ауызды, орақ тілді Махамбет ақынның термесін бастапған кеш иесі Мұхиттың «Айдай», Қ.Көпжанұлының «Дендер», халық әндері «Шымыр», «Ақсұңқарды» үлкендер де, жастар жағы да зор ықыласпен тыңдады. Бұдан соң халық әнері «Ақерке», «Ал жігіттер сал құлақты» шебер орындап шыққанда, «Әп, бәрекелді!» деп қолдау көрсеткен көрермен тағы бір желпініп қалды.

dsc_1717

Сондай-ақ бұл кешке қатысуға арнайы ат терлетіп келген Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев қос ішекті домбырада күй төгіп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленсе, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, талантты әнші Асхат Тарғын өз әндерімен көпшілікті баурап алды. Айтулы күні өнер иесі кеш қонақтарымен бірге қазақ әндерін нақышына келтіре орындап, жұртышылықты шексіз қошеметке бөлене отырып, жаңа бейнебаяны мен Асхат Тарғын екеуінің орынауында «Дамылда» атты әндерінің тұсауы кесілді. Екі сағатқа жуық дүйім жұрттың құлақ құрышын қандырған, дәстүрлі ән өнері ұлықталған кеш соңында аудан әкімі Мейірім Қалауи, облыстық халық шығармашылығының директоры Бақытбек Мырзағалиұлы, ардагер ұстаздар Бағыт Еңсепов, Мәриям Есқазиева, ауыл тұрғыны Тоқжан Төлеуова сөз алып, әншіге сый-сияпат көрсетті.

Сондай-ақ кеш иесіне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді. Осылайша өнер кешіне жиналған жұртшылық естелік суретке түсуді де ұмыт қалдырған емес.

 

А.ДИАС

Бөдене ауыл

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика