ТОПЖАРҒАНДАР


Республикалық «Біздің таланттар» конкурсының облыстық кезеңі өткізіліп, аудан атынан қатысқан №3 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды.

Жеңімпаздарға Атырау қаласында «Балалар жылына» орай өткен «Бақытты бала – ел болашағы» атты облыстық фестивальде салтанатты түрде марапаттары табысталды. Атап айтсақ, «Бармағынан бал тамған» номинациясы бойынша Ермағанбет Темірлан 1 орын, «Үздік Декламатор» номинациясы бойынша Айсұлтан Умирғали ІІІ орынды иеленді.

– Ерекше балаларды ұмытпай, осындай фестиваль өткеніне қуаныштымыз. Көп жағдайда, ата-аналар баласының ерекше бала екендігін көрсеткісі келмей, жарыстарға қатысудан қашқақтап жатады. Осы конкурс өткізілетіні туралы естігенімізде, үш ата-ана да жарысқа қатысамыз, баламыздың дамып, жетістікке жеткенін көргіміз келеді деп қолдау білдірді. Алдағы уақытта да балаларымыздың жан-жақты жетіліп, биік белестерді бағындырғанын қалаймыз, - дейді №3 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің логопед маманы Фариза Сағынаева.

Жалпы, балалардың талантының танылуына септігін тигізген ұстаздары Фариза Сагинаева, Әсел Мүсілімова, Айнұр Каражанованың еңбегі зор екенін айта кетейік.

topzhargan1

ЖАДЫРА НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521