Студенттер күніне арналған «Жалынды жастар – жарқын болашақ» атты мерекелік шара өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 17 қараша студенттер күніне орай Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжінде «Жалынды жастар – жарқын болашақ» атты мерекелік шара өтті.

Шараның мақсаты – еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында екендігін, жастарға алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, қоғамның қозғаушы күні ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барынша үлес қосуға үндеу. Екі кезеңмен өткен шараның алғашқы бөлімінде колледж студенттері мен С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары волейболдан жолдастық кездесу өткізді. Ал, екінші кезең салтанатты түрде өткізіліп, студенттерді колледж директоры Бағытжан Құнас мерекемен құттықтап, оқуда озат болуларына ізгі тілегін жолдады.

– Биыл колледжімізге 95 түлек қабылданды. Олардың басым көпшілігі ауданымызға қарасты ауылдардан болса, енді бірқатары көршілес Ақжайық, Қызылқоға ауданы мен Маңғыстау өңірінің балалары. Оның ішінде 1 курстан 14 студентті жатақханамен қамтып отырмыз, - деді ол. Сондай-ақ, І курс студенттеріне студенттік билет табыстады. Өз кезегінде жастар ресурстық орталығының директоры Темірлан Бертлеуов мерекемен құттықтап, Медет Сагидулла, Ксения Калягина, Әсет Амангелді, Жамиля Болатбекова, Нұрай Бисенбаева, Дастан Құбаев, Бекнур Амиргалиева, Аллаберген Тасыбаев, Ұлболсын Орахова, Есенжол Байбақтыны алғыс хатпен марапаттап, белсендіс студенттер естелік сыйлық табыстады. Жиынға арнайы келген колледж түлегі, ТМД елдерінің Қазақстан бойынша үздік студенттер кітабына енген Ислам Қадыров студенттерді атаулы күнмен құттықтап, біздер білімді, мақсатымыз айқын болса ғана жетістікке жете аламыз.

Сондықтан әрдайым ізденісте болып, оқудан жалықпаңдар деген достық тілегін білдірді. Шарада Қарақат Наурызғали мен Әсем Қуанышева «Тәуелсіз қазақтың қызымын» әнін орындаса, студенттер флешмоб билеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

student

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521