Шырайлымның шығармашылығы

«Бұлақ көрсең көзін аш» дейтін қазақтың даналығына лайықты іс, Жарсуаттағы Махамбет атындағы орта мектепте тағы бір көрініс тапты.

Бірнеше республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпазы, мектептегі ХІ сыныпты биыл тамамдайтын талапты шәкірт Шырайлым Елтайқызы Ислямғалиеваның «Елім деп соғар жүрегім» атты тұңғыш өлеңдер жинағы көптің көмегімен жарыққа шықты.

Атап айтқанда, ата-анасы Елтай мен Ақторғын қолдап,  40-қа жуық өлең топталған кітапты жерлесіміз, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, танымал ақын Қойшығұл Жылқышиев басшылық ететін «Ағатай» баспасы  тегін шығарып берсе, Махамбет атындағы орта мектептің директоры Қоныс Жаналисов мұғалімдер мен оқушылардың кең қатысымен өзі басқарып, «Жауқазын жүрек жырлайды» атты тұсаукесерін өз дәрежесінде мазмұнды өткізуге жұмыстанды.

Кітаптың тұсауын танымал ақын  Қойшығұл Өмірұлы салтанатты жағдайда  қиып, ақ батасын арнады. Қашанда қиындығы мен қызығы қатар жүретін ақындықтың әрбір асау өзеннің ерен ағысы болатынын, терең білім, зерделі ой, зерек жады мен жоғары жауапкершілік, ізденістің әрқашан керектігін айтып, үлкен жолда тек сәттіліктер тіледі.

Шәкірттер атынан ақын атасына оқушы Дильназ Борисова сезімге толы ақжарма тілегін өрдсе, ауылдағы «халықтық» театрдың көркемдік жетекшісі, айтыскер ақын Мұрат Таласов пен аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлнұр Темір-ғалиқызы жалғастырып, ақын қызға бөлім басшысы атынан Құттықтау хат табыс етті.

Одан соң үшінші сыныптықтар Шырайдың өлеңдерін бал тілдерімен оқыса, бесінші сыныптықтар өз тілектерін өлең жолдарымен өрді. Ал ұстазы, шәкіртін ақындық жолға баулыған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ардақ Төлеуқызының тілегі де сәттіліктер, ізденістерге жігерлендіруге ұласты. Ата-ана, бауырлар, апа-аға, құрбылар тілегі тоғысқан тұсаукесер шарасын оқушылар Әміржан Жанболат пен Бірән Ақбаян «Қазақстаным менің», «Тек алға!» деген асқақ әндерімен көркейте түсті.

 

С.БИСЕНОВ.

Жарсуат ауылы

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика