«Менің елім – бақыт бесігі»

Осындай атаумен Астананың – 20, Атырау облысының – 80 және ауданның құрылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған аудандық фестивальдың эстафетасы Жарсуат ауылдық округіне жеткізілді. Мақсаты – халықты отан-сүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық өнер ұжымдарын және жеке орындаушылардың қабілетін дамыту, сонымен қатар халық арасынан өнерпаздарды іріктей келе, еліміздің қол жеткізген жетістіктерін дәріптеу.

Кешті «Інжу-Маржан» би тобы «Нар кескен» биімен ашқан соң, қос жүргізуші Тоқтар Садиров пен Манас Азербаев сахна төріне көтеріліп, қоңыр дауыстарымен кешті әдемі жүргізді. Салтанатты шарада Жарсуат саз мектебінің жанынан құралған этно-фольклорлық ансамблі, жетекшісі Айғаным Өтебалиеваның жетекшілігімен Құрманғазының «Балбырауын» күйін шегіне жеткізіп орындаса, Ғалымжан Сақиповтың жетекшілігіндегі «Ерасыл» ағалар тобы «Күн дидарлы Қазақстан», «Серілер» тобы «Қазақстаным – ұлы Отаным», Ұлықбек Оңдасынов «Маржан қыз» сынды жүректі жарып шығар әндерін орындап, көрермендерді керемет әсерге бөледі.

Орындалған әндерден кейін көркемсөз шеберлері Шырайлым Исламғалиева «Астанам», Дильназ Борисова «Жерұйығым-Атырау» өлеңдерін оқып, көпшіліктің көңілінен шықса, халықтың мұң-мұқтажын жырына арқау еткен асқақ рухты ақын Мұрат Мөңкеұлының туғанына 175 жыл толуына орай сахналанған «Мұрат пен Тыныштық» айтысы көрерменін сүйсінтті. Ал балалар саз мектебінің мұғалімдері Сұлтан Қияқбай мен Азамат Жеңісовтің шәкірттері Фархат Абдісаламұлы мен Жаңылсын Қайратқызының орындаған әндері жүректерге жол тапты. Одан әрмен кеште Ерболат Ергенов «Астана», Т.Досымовтың «Сәйгүлік» әнін «Жарсуат сазы» вокалдық инструменталдық ансамблі жоғары деңгейде орындады. Осылайша, Шұғыла Есжанова «Қазақстан» және Нағим Сатимовтың «Дендерім – байтақ мекенім» атты әндерімен кеш қорытындылады.

Ауыл тұрғындарын мерекелерімен құттықтап, сөз алған аудандық мәдениет тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева: «Фестивальдың ережесіне сәйкес өнердің барлық түрлері толықтай қамтылған, талаптары да ескерілген. Бірақ концертті ұйымдастыруда режиссуралық шеберлік аздау. Ұйымдастырып жатқан кәсіби мамандарға айтарым, мерекенің маңыздылығын ескеруде логотивтерді мұқият қарау керек. Фестивальда бағалау критерийлері бар, жыл соңында қорытындыланады. Аталмыш шараға тек ауылдық округтер ғана емес, Индербор кентінің басындағы мекемелер де қатысады. Бірақ жергілікті округтер мен мекемелер арасындағы шара бөлек-бөлек  бағаланады»,-деді.

Ал ауыл әкімі Әлифолла Балахметов мерекелік кешті біркісідей жұмыла өткізген жерлестеріне ризашылығын білдірді.  

Диас АЙБАРОВ.

Жарсуат ауылы.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика