«Мен – тілшімін!» журналист жинағы осылай аталды

Жақында Атырау облыстық бас редакторлар клубында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, марқұм Әнуар Нәбиевтің жыр жинағының таныстырылымы өтті. «Мен – тілшімін!» атты «Ақ желкен» баспасынан шыққан кітапқа талантты тілшінің жетпістен аса әр жылдарда жазған өлеңдері, жалынды журналист туралы жазылған естеліктер еніпті.

Клуб төрағасы Ж.Амантурлин Әнуар Нәбиұлының өмірбаянынан сыр шертіп, оның Атырау университетін тарих факультеті бойынша бітіргенін, 1973-1995 жылдары аудандық «Дендер» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, кейін республикалық «Заң» газетінің облыстағы меншікті тілшісі, «Атырау» газетінде бөлім меңгерушісі болғанын, очерктер мен экономикалық талдау мақаларары әлі күнге ел жадында екеніне тоқталды.

Кездесуге облысқа танымал қаламгерлер, ақынның көзін көрген әріптес інілері мен жары Рауза апай қатысып, біраз естеліктер тиегін ағытты. Қазақстанның Құрметті журналисі Төлеген Берішбай ақынмен талай сырлас болғанын, сыншы тілші ретінде де, ақын ретінде де өмірді жырлап, соны қаламына арқау еткенін айтса, Экономика ғыдымдарының докторы Бақтыбек Таубаев та жалынды тілші жөнінде өз ойын білдірді. Сондай-ақ әріптес болған інілері Қаршыға Көшеков, Азамат Базарбаев аға журналист ретінде Әнекеңнен алған тәлімдерін әсерлі әңгімеледі.

men-tilshimin

Әсіресе, сын жанрына тайсалмай барғанын, зерттеу мақалалары біраз іске мұрындық болатынын, тіпті, ел мен жер тарихына қалам тербеп, жазықсыз банды атанған ақын Аманғали Кенжеахметов туралы алғаш жазғандардың бірі екендігі әңгіме өзегіне айналды. Сондай-ақ кітапты әлі де толықтырып, жазбаларын түгендесе деген пікір айтылды.
Кездесуде тілшінің жары Рауза апай өткен шақ жөнінде әңгіме өрбітіп, Әнекеңнің отбасындағы, қоғамдық ортадағы үлгі тұтарлық ұстанымын, өте еңбекқорлығын, жинақты ұлы Руслан шығарғанын айта келе, баршаға ризашылығын білдірді.
Шара соңында клуб төрағасы асылдарымызды ардақтау, оларды еске алып отыру бүгінгінің парызы екенін, айтып кітап таныстырылымына келген әріптестеріне алғысын білдірді.

А.Бокирова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521