1 – наурыз алғыс айту күнінің түп-тамыры қазақ халқының тарихымен тікелей байланысты. Ұлт пен тарих сабақтастығы арқылы, бүгінгі таңда осы айтулы күнді ерекше атап өткеніміз жөн. Жалпы әлемде мұндай даталы күндер бар, бірақ әр ел аталған мейрамды әр кезде тойлайды. Барлығының мақсаты ортақ: береке мен бірлік, адамдардың бір-біріне деген құрметі, ризалық сезімі.
Осыған орай, алғыс айту күніне орай Елтай ауылдық кітапханасында «Ұлтаралық татулық – басты құндылығымыз» атты шара өткізілді. Шараның мақсаты: Халықтар арасында береке мен бірлік, адамдардың бір-біріне деген құрметі, ризалық сезіміндерін одан әрі жандандыру.
Шараға түрлі саланың еңбек ардагерлері зейнеткер ағалар мен апалар қатынасты. Шара басында округ әкімі Олжас Бейбітұлы ардагерлерді айтулы күнмен құттықтап, игі тілегін білдірді.
Сонымен қатар, кітапханашы алғыс айту күнінің шығу тарихы туралы түсінік бере отырып, ардагерлерге кезегімен сөз берді. Оларға арнап ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік сазды сәлем жолдады.
Мархаба НАРИНОВА
Елтай ауылдық кітапханасының кітапханашысы