“Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты фестиваль өтті

Қосшағыл ауылдық округінде Жылыой ауданы әкімі жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай аудан бойынша өзге ұлт өкілдері арасында. «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты фестивалі өтті. Байқауға ауданның әр төңірегінен келген қатысушылардың барлығы дерлік үздік өнер көрсетіп, көрерменнің көзайымына айналды. Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан кең байтақ даламызда бүгінгі таңда 130дан аса өзге ұлт өкілдері өмір сүруде. “Бірлік бар жерде -тірлік бар” демекші ел ішіндегі ұлттар тұтастығы мен бірлігі мемлекетіміздің ілгері жылжуына септігін тигізіп, өзге елдерге үлгі болып отыр. Бүгінде осындай игі мақсатты алға тартып, өзге ұлт өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселесінде ауданымызда сапалы шаралар жиі өтуде. Оның бірі Қосшағыл ауылдық округінің мәдениет үйінің сахнасында бейсенбі күні өткен «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты фестивалі еді. Аталмыш сайыс 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы “Мен елімнің патриотымын” кезеңінде қатысушылар кезек-кезегімен шығып жиналған қауымға өздерін таныстырып өтті. Ал екінші “ Әнім саған туған ел” кезеңінде олар патриоттық бір әнді жанды дауыста орындауы керек болды. Сондай-ақ соңғы кезең “Мен елімді жырлаймын” деп аталып, фестиваль қатысушылары байқау ережесіне сәйкес патриоттық бағытта бір ән немесе бір қара өлең оқып сынға түсті. Байқау соңында барлық қатысушылар Қосшағыл ауылдық округінің әкімі Жанғазы Берікұлы мен аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Мадина Сабыржанқызы атынан алғысхаттар мен сыйлықтарға ие болды. Оның қатарында Құлсары қаласынан қатысқан Малика Әбдіғалиева “Талантты өнерпаз” номинациясымен марапатталса, Жаңа Қаратон кентінен келген Нұрсәуле Шонова “Көрермен көзайымы” номинациясымен, сондай-ақ Майкөмген ауылының абыройын арқалап келген Карина Мұратқалиева “Көркемсөз шебері” номанациясын иеленді. Сайыс жоспарланған деңгейден де жоғары өтіп, жиналғандардың көңілінен шықты. Ауыл тұрғындары өздеріне ұнаған қатысушыларға сыйлықтарын табыстап, кешті көңілді аяқтады. Диана Ізбасарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521