Күй күмбірі күмбірлеген күн

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұла даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында ұлттық өнерімізді насихаттап дала саздарын халыққа ұсыну мақсатында жақында аудандық жаңа мәдениет үйінде Р.Ғабдиев атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің (көркемдік жетекшісі, әрі дирижері А.Мусаева) «Ән мен күйдің керуені» атты шығармашылық концерті өтті.

Түркештің «Көңілашар» күйімен күмбірлей басталған өнер мерекесі көрерменге ерекше әсер сыйлады. Еліте тыңдап, еміренген зал бір сәт су сепкендей тыйылып, күй толқынында тербелді. Одан әрі оркестрдің орындауында халық күйі «Қоңыр», Т.Зайнуллинің «Салтанат», К.Күмісбековтің «Биші қайың», С.Тұрысбековтің «Мәңгілік ел», А.Алпекұлының «Жылқышысы» тарту етілді. Сондай-ақ көкірегіне күй тұнған тыңдарман Ықыластың «Жез киік», Құрманғазының «Серпер», Нұрғисаның «Махамбет» күйлерін тыңдап, керемет көңілге кенелді. Ортаға жеке дауыста Нағим Сатимов «Құстар әнін», Самал Өмірзақова Қисанның «Сағындым Жайық» әнін күмбірлетіп, Ғ.Құрманғалиевтің «Сәлем, Қазақстан» әнін оркестрімен бірге шырқады.

Шығармашылық кеш барысында өнер ұжымының репертуары да айрықша екендігіне көз жеткіздік. Әрине, оған оркестр мүшелерінің қосқан үлесі де баршылық. Айта кетейік, бұл күнгі мерекелік кеш соңында өнер ұжымына аудан әкімінің ықылас гүлі табысталды.

Д.АЙБАР.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика