banner_damu

Индербор өнер фестивалін жалғастырды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ел тұғыры – Тәуелсіздік!» фестивалін Индербор кентінің өнерпаздары жалғастырды. Мерекелік шараның шымылдығын Индербор кенті әкімі Асхат Аймұратов ашып, өнер сүйер қауымды егемен еліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.

Концертті «Жасай бер, Қазақ!» әнімен Е.Әубәкиров жетекшілік ететін «Ару – Ана» әжелер және «Атамұра» ағалар ансамблі бастап, өнерлерін ортаға салды. Сахнада Р.Ғабдиев атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, «Ақ Жайық» вокалды аспаптар ансамблі және басқа да жеке орындаушылар әуезді әсем әндерімен қоштады.

ansam

- Аудан әкімдігінің тәуелсіздікке арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес фестивалді бұған дейін барлық ауылдық округтер өнерпаздары өткізсе, ендігі кезек Индербор кенті өнерпаздарында болған еді. Әрине, аудан орталығында өнер ордалары баршылық. Ал бүгінгі кешімізде кәсіби өнерпаздармен қатар әуесқой әншілерді де тарттық. Кеш тамаша өтті. Өнеріміздің осылай өрістеуі Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуының арқасы, - деп аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева концертті қорытындылады.

onertugel

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика