Индер ауданында тілдер мерекесіне орай шара өтті

Тіл тазалығын сақтау, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, үш тілдік саясатты дамыту мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапханада «Үш тұғырлы тіл саясатының сара жолы» тақырыбында мерекелік шара өтті.

Кітапхана қызметкерлері Фаруза Оразғалиева – қазақ, Гүлзина Азанова – орыс, Айдана Сагидуллина – ағылшын тілдерінде көрікті сөзімен кестелеп жүргізген мерекелік кештің түндігі мемлекеттік Әнұранмен түрілді.           

Айталық, 1998 жылы 20 қаңтарда Елбасының Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстанда тұратын халықтардың «Тілдер мерекесі» деп жарияланды. Содан бері еліміздің барлық аймақтарында Тілдер мерекесі тойлануда. Бұл – барша қазақстандықтар үшін маңызы мен мәні бар зор мереке. Алдымен кітапханаға жиналған Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің орыс және қазақ сыныбының оқушылары Аян Әсетов, Алина Насихат, Яна Бацаева, Аяулым Жұмат, Айдын Исламғали, Базарбай Ринат, Әсемгүл Серікова, Мадина Паташева, Алихан Сағат ақын-жазушылардың өлеңдерін үш тілде нақышына келтіріп орындап, «Тапқыр достар», «Қызықты ұйқастар» секілді сайыстарға қатысып белсенділік танытты. Олар ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар ұсынылды.

Толығырақ «Дендерде»    

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT