Бард ақынның мұрасы мұражайға қойылды

Индер аудандық музей ұжымы жыл бойы жоспарға сәйкес тақырыптық көрме, кездесу, мерекелік шара өткізу тарихи-танымдық сабақтар және танымдық экскурсиялық шаралар, коллекциялық көрмелер, қарт ардагерді ұлығылау, еске алу шаралары, жылжымалы көрмелерді ұйымдастырумен айналысады.

Мұражайға қойылған әрбір туынды көрерменің ықыласын өзіне аударары анық. Сондай туындылардың бірі қазақтың тұңғыш бард-ақыны Табылды Досымовтың бардық өнер әлеміндегі әндерін кеңінен танылуына себепші болған гитарасына келушілер ерекше қызығушылықпен қарайтын көрінеді. Ақынның зайыбы Қарлығаш Басарқызы ол турасында:

-Жалпы менің өз өмірімде Табылдыдай таланттың жары болу бақыты бұйырды. Өзі өмірден өткеннен кейін өның артындағы мұрасын, елге қалдырған аманатын сақтау басты мұрат қой. Мұражайда өтетін түрлі шараларға Табылдының гитарасын алдыртатын. Кейін шара біткесін үйге әкелемін. Өткен жылы осы мүражайға келген көрермендер ақын мұрасының бірі осы мұражайда тұрақты тұрса ғой деген өтініш білдіріпті. Ол өтінішті мұражайдағылар маған айтқан соң тұяғы Абыл және қыздарыммен ақылдаса келе алғашқы қызыл гитарасын, өз қолымен жазған түпнұсқалы еңбектерін қосып тапсырдым. Әрине оған тиісті дәрежеде ақысын да алдық. Біз үшін ең бастысы ақын мұрасы алқалаған әлеуметтің назарында болатындығы маңызды,-деді.

Ал жерлесіміз, драматург-жазушы әлі күнге дейін ел ауызында «Жаман жәутік», «Болмаған оқиға» секілді, т.б. құнды шығармалары ерекше аталатын Есенжол Домбаев тұтынған заттар еріксіз назар аударады. Әсіресе шығармаларын тасқа басқан жазу машинакасының өзі ғажап дүниелер қатарына жатады.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521