Атырауда мейрамханалар мен кафелердің жұмыс уақыты ұзартылды

Атырау облысында қоғамдық тамақтану орындары 00:00 ге дейін қызмет етеді, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысының бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 ақпандағы жаңа қаулысына сәйкес өңірде бірқатар жеңілдетулер күшіне енеді.

- Атап айтқанда, мейрамханалар мен кафелерге таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұған дейін олар келушілерге тек 20:00 - ге дейін қызмет көрсете алатын. Қоғамдық тамақтану уақытын ұзарту туралы шешім Атырау облысы жасыл аймақта болғасын қабылданды. Қазір ең бастысы өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы және азаматтардың денсаулығы, - деді Атырау облысының бас санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT