banner_damu

Атырауда ұлттық киімдердің сән фестивалі өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Түркия еліндегі Ақдениз университетінің профессоры, дизайнер Айдын Зор және өңірге танымал сән саласының шеберлері қатысты – деп, хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

bakty

Сән байқауында қала және ауданнан келген 9 дизайнер бақ сынады. Олар «Фольклорлық костюм», «Спорттық костюм», «Классикалық костюм» , «Күнделікті костюм» және «Кешкі көйлек» бағыттарына сай келетін ұлттық киімнің заманауи үлгілерін ұсынды. Мақсат - мәдени кеңістіктегі дәстүрлі және стильді ұлттық ерекшелігін таныту , дамыту және дәріптеу. Байқау нәтижесінде, жүлделі 3-ші орынды жас дизайнер Айзада Кененова иеленіп, 2-ші орын сән саласының шебері атанған Айсұлу Оразбаеваға бұйырды.

Ал, 1-ші орынды Эльза Қайыржанқызы қанжығасына байлады. Байқаудың бас жүлдесін құрманғазылық Шарбану Амирова иемденді. Сән байқауының барлық қатысушыларына ақшалай сертификаттар табыс етілді .

ult-sn

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика