Атырау театрының әртістері жаңа отандық фильмге түсті

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері «Сезім суретшісі» деп аталатын отандық сериалда рөлдерді сомдайды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы Атырау театрының фейсбук парақшасында жарияланды.

«Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының талантты актерлері – кино әлемінде.  «Сезім суретшісі» фильмінде тәуелсіз  Қазақстанның Мемлекеттік туының  авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов, суретші Темірбек рөлінде – Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының актеры, мәдениет саласының үздігі  Ержан Жұматов ойнайды.

Ал, суретші рөлін Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының актеры, мәдениет саласының үздігі Елтай Шаманов сомдайды», – деп жарияланған.

Көрсетілім  премьерасы қыркүйек  айының  соңында өтеді деп жоспарлануда.



 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз